Әкім ауыз аштырды
Ораза – жақсылық жасауға асығатын ай. Бұл айда мұсылман баласы шамасының жеткенінше ораза ұстап, Алланың ерекше нығметіне бөленсе, сол ораза тұтқандарға ауыз аштырғандар да үлкен сауапқа кенеледі. Осыны ескерген Аманкелді ауданының әкімі Әмірхан Асанов бас болып, 3 орынбасары Болат Алпысбаев, Сүндет Ғаниев, Малшыбай Қаласов және аппарат басшысы Абай Шүкенов, мәслихат хатшысы Қанат Кеделбаев қосылып, оразаның алғашқы күні Сатыбалды ишан мешітінің намазхандарына ауызашар берді. Ауызашарда ораза ұстағандар елімізге, Елбасымыз бен Президентімізге ізгі тілектер тіледі. Еліміз амандықта, жұртымыз тыныштықта болып, Қазақстанымыз көркейген үстіне көркейіп, дами беруіне тілектестіктерін арнады.
Осылайша, Аманкелді ауданының басшылығы облысымыздағы өзге өңірлердің жұртшылығы мен басшыларына үлгі-өнеге көрсетті.
Хамитбек МҰСАБАЕВ