Астық ұрламақ болған

Қостанай облысында құны 4 миллион теңге болатын астықты ұрламақ болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Alau.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полициядағылардың мәліметінше, бұл оқиға 23 сәуірде болған. астык"Шамамен, таңғы сағат 6-да Федоров аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Иван Гальмуев пен Ермек Өтемісов екі "КамАЗ"-ды тоқтатқан. Олар жүк көлігінің тіркемесінде астық толып тұрғанын байқаған. Полицейлер мұнда шикіліктің бар екенін түсініп, жүргізушілердің құжаттарын тексермекші болған. Алайда олардың жеке құжаттары болмағаны анықталды, сондай-ақ, көліктің құжаттары да болмаған", – деп хабарлады полицейлер.
Ведомство мәліметінше, олар 60 тонна 860 келі астық ұрламақшы болған. Бұл дерек тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓