23 наурыз: қылмыс хроникасы
Облыстық полиция департаменті 23 наурыз күні өңірімізде жасалған қылмыстар мен заң бұзушылықтардың есебін қорытындылады. Өткен тәулікте аймақта 20 қылмыс тіркелсе, тәртіп сақшылары оның 11-інің бетін ашыпты.
«Өткен тәулікте өңірде 2 жол-көлік оқиғасы, денеге ауыр зақым келтіру тіркелді. 4 ұрлық, 1 қарақшылық, есірткі затын заңсыз саудалаудың 1 дерегі әшкереленді. Төтенше жағдай режимін бұзудың 3 дерегі анықталды: Қостанай қаласында – 1, Арқалықта – 1, Бейімбет Майлин ауданында – 1» – делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.
Бұл жолы төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау рейдіне тәртіп сақшыларымен бірге еріктілер де шығып отыр.