ССКӨБ шақырады

Тұңғыш рет ERG-дың кәсіпорындары орналасқан Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай облыстарында, соның ішінде «ССКӨБ» АҚ-да бір мезгілде Ашық есік күні өтті. Ауқымды іс-шараға мектеп түлектері, студенттер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.1 (1)
 
4
5Алдымен қонақтар Автокөлік басқармасы мен Соколов кенішінің көру алаңына экскурсия жасады. Мұнда кәсіпорынның даму тарихы, өндірістік қызметтің ерекшеліктері, компания жетістіктері мен жоспарлары жайлы ақпарат алды.
– Ашық есік күні студенттер мен оқушыларға өндірістің барлық ерекшеліктерін түсінуге көмектесіп, таңдаған мамандығын тереңірек тануға мүмкіндік береді. Бір жағынан, бұл шара бізге көздері «жанып» тұрған озат ойлы жастарды тауып, жұмысқа шақыруға көмектеседі, – дейді жастар саясаты бюросының басшысы Шаттық Әбдіқалықов.
Рудный идустриялық институтының 1-курс студенті Шыңғыс Көшекбай Ақтөбенің тумасы. Мемлекеттік грантты жеңіп алып, Рудныйға «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша оқуға келген.
– Бүгін мамандығымды дұрыс таңдағаныма тағы бір рет көз жеткіздім. Әсіресе, алып кеніштегі ойыншықтай көрінген техникалар, қызып тұрған тіршіліктің барлығы маған қатты әсер етті. Институтты аяқтаған соң кен алыбына маркшейдер болып жұмысқа орналасқым келеді. Өйткені ССКӨБ – жұмыскерлеріне мейлінше жақсы жағдай жасап отырған беделді кәсіпорындардың бірі, – дейді ол.
– Бізге түрлі компаниялардың өкілдері келіп, жиі таныстырылымдар жасайды. Ал дәл осылай экскурсияға шақырып, өндіріспен таныстыру – біз үшін қызықтырақ, – дейді Рудный политехникалық колледжінің оқытушысы Оксана Денашева.7
 
6Шағын саяхаттан кейін қонақтар Кадрларды оқытып даярлау орталығына жиналды. Мұнда кәсіпорынның жас көшбасшылары «Жастар-2019» бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі баяндап, сұрақтарға жауап берді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓