4 отбасы үйлі болды
Мамыр айының басында Жітіқара ауданының тұрғындары қоныс тойларын тойлады. Аудан әкімдігі мен «Комаровское» тау-кен кәсіпорнының демеушілігімен жітіқаралық 4 көп балалы отбасыға баспана кілті табысталды. 4 баланың анасы Махаббат Әміралинова көп жылдан бері пәтер жалдап тұрғанын айтады. Елімізде бастау алған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында баспаналы болып отыр. Көпбалалы ананың демеушілерге алғыстан басқа айтары жоқ.
Мереке қарсаңында Зеленцовтар отбасы да қоныс тойларын атап өтті. Олар да осы сәтті олар ұзақ жылдар бойы күткен. Халықтар достығы меркесін енді жайлы, жаңа баспаналарында қарсы алмақ.
Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.