Желіде – департамент басшысы

Бүгін облыстық Полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов әлеуметтік желіде өзінің жеке парақшасын ашты. Бұл туралы ол Фейсбук желісінде хабарлады.ПД
"Қымбатты достар! Мен «Фейсбук» әлеуметтік желісінде өзімнің жеке парақшамды аштым. Бұл – сіздермен кері байланыс орнатудың бірден-бір жолы деп білемін. Барлық сауалдар мен өтініштерді жеке қарап, шешім қабылдайтын боламын. Дәл осындай тікелей байланыс арқылы полиция жұмысы ашық әрі жандана түсетіні сөзсіз. Сондай-ақ, өзімнің күнделікті жұмысым жайында және маңызды оқиғаларға қатысты жеке пікірмді білдіріп отырамын. Бәріңізді ашық әңгіме алаңына шақырамын", – деп жазды Б.Аймағамбетов жеке парақшасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓