«Qorgau» – халық көмекшісі
Қостанай облысында азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуге арналған «Qorgau» жобасының басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте «ГрИн» азаматтар альянсы қоғамдық қорының өкілдері мәлім етті.«Qorgau» – халық көмекшісі. Ол 200-ден астам өзекті тақырыпты қамтиды. «ГрИн» төрайымы Динара Өтебаеваның сөзінше, жобаның сайты және мобильдік қосымшасы болады.
– Бұл жоба «Азаматтық бастамалар орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен іске асты. Арнайы грант бөлінді. Мақсаты – қиын жағдайға түскен тұрғындардың құқықтық сауатын көтеру. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Еurasian Expert Council» қоғамдық қоры негізгі жұмыстарды қадағалап отырады, – дейді Динара Өтебаева.
Ал азаматтар альянсы заңгері Мұратхан Бақытжанұлы айтқандай, қазіргі кезде тұрғындар заң тұрғысында сауатсыздықтарға жол беріп жатады. Оны, әсіресе, әлеуметтік желілерде байқауға болады.
– Осыған байланысты 2019 жылдың 1 тамызынан бастап елдің барлық қала-ауданында 210 заңгерлік кеңес беру бөлімі ашылады.Қостанай облысында мұндай бөлімдер жастар ресурстық орталықтарында орналасады. Қазір тиісті орындар дайындалған. Жоба шеңберінде заң факультетінің студенттеріне тәжірибеден өту мүмкіндіктері де қарастырылған.
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Ассалаумагалейкум мен Қостанай облысының Жетіқара қаласында тұрамын сіздерден жәрдем сұраймын