Сарыкөлде өрт сөндіру бекеті ашылды

     Қостанай облысы Сарыкөл ауданы аумағында екі бірдей жеке өрт бекеті ашылды. Веселоподол ауылы мен Барвиновака ауылдық округінде салтанатты түрде көк лентаны кесті. Сарыкөл ауданы әкімі Э. Күзембаев, Қостанай облысы ТЖД бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Т. Кәкімов, жергілікті әкімшілік пен ауылшаруашылық кәсіптердің басшыларының қатысуларымен бекеттер ашылды. Әкімшілік аумақта Веселоподол ауылдық округта ПК № 2 «Раушан – Агро» «Арыстан – ПК» ЖШС ауылшаруашылық кәсіпорынының базасында осындай бекет құрылды. Барвиновка с. өрт бекеті «Аманжол-Акро» ЖШС базасында әрекет етеді. ойын
        Облыста осындай 8 жеке өрт бекеті пайдаланымға берілген. Бекеттер арнайы жылытылатын үй-жаймен қамтамасыздандырылған. Онда демалыс және тамақтану бөлмесі, техниканы орналастыру арналған алаң бар.  Өрт сөндіру автомобильдері АЦ-40 Зил-130 және Газ  66 қажетті өртке қарсы құралдармен жабдықталған. Әрбір бекетте жұмыс істейтін өрт сөндірушілер саны 7 мен 10 адамды құрайды. Олар барлығы арнайы бағдарлама бойынша Департаменттің Кәсіби даярлық мектебінде оқуды өтті.  Сынақ тапсырғаннан соң санаттантырылған комиссиямен лауазым бойынша бастапқы даярлық өткені туралы куәлік берілді. 
        Өрт бекеттер 3 ауылдық округтің аумағында орналасқан орман-дала алқабына жататын 7 елді  мекенді  тілсіз жаудан қорымақ. Қостанай облысының ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓