Депутаттар Лисаковқа барды
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Гүлнәр Бижанова мен Мұрат Теміржанов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Лисаков қаласында болды.
Халық қалаулары алдымен жергілікті "СпецСтальКонструкция" серіктестігінде болып, нысанның жұмысымен танысты, қызметкерлерімен кездесті.
Халық қалаулары алдымен жергілікті "СпецСтальКонструкция" серіктестігінде болып, нысанның жұмысымен танысты, қызметкерлерімен кездесті.
Айта кету керек, бұл мекеме темір бөліктерінен түрлі өнімдерді шығарады. Әрі сұранысқа ие. Кәсіпорынның қуаттылығы 1200 тонна тенттік қаңқалық ангарлар өндіретін цех 2015 жылы жандандыру шараларынан өткен. Индустрияландыру картасы шеңберінде Лисаков шаһарында бірнеше жоба енген. Мұнан соң депутаттар «Дон-Мар» серіктестігіне бас сұқты. Бұл ауыл шаруашылығы техникасы дестелегіштердің түр-түрін шығаратын ел бойынша жалғыз кәсіпорын. «Уақыт өте америкалық, еуропалық техникалардың біздің даланың жағдайына аса ыңғайлы емес тұстарын байқадық. Қуатты болғанымен астықтың сабанын шашып тастайды. Сондықтан шетелдік комбайндардың барлығы бірдей егіні мен мал шаруашылығы қатар жүретін қазақ даласына тиімді деп айтуға келмейді. Біздің «Дон-Мар» зауыты шығарған дән себу кешені тиімділігі жағынан шетелдік техникалардан кем емес. Өйткені, ол Қазақстанның қай аймағындағы егіс алқаптарында да көктемде ылғал жетіспейтінін ескере отырып жетілдірілген. Шетелден алынған дән себу кешендерінің табаны ылғалы аз топырақты одан сайын кептіріп жібереді. Ал «Дон-Мар» шығарған дән себу кешені топырақтың ылғалын 20 пайыздан артық кептірмейді», – дейді кәсіпорын басшылары.Мәжіліс депутаттары серіктестіктің атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын берді. Билік тарапынан кәсіп саласына көрсетіліп жатқан жәрдем мол екендігін айтты.«Елбасының XVIII съезде айқындап берген бастамаларын жүзеге асыру – басты мақсатымыз. Әр партиялық жоба – әлеуметтің әлеуетін әлдендіріп, халықтың әл-қуатын арттыруға бағытталған дейді», – депутат Гүлнәр Бижанова.