Тағы да қайғылы оқиға…

Қостанайда 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
– Бұл факт бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлімімен (Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Өзіне қол салған жасөспірімнің қаладағы №20 мектептің 10-сыныбында оқығаны белгілі болды. Мұғалімдер оның сабақты жақсы оқығанын айтады. Қазір суицид себептері анықталып жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓