Тәртіп сақшыларына марапат

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өңірдің бірқатар полицейінің шені жоғарылады. Облыстық ІІД өткен салтанатты жиында сөз алған ведомство бастығы Б.Аймағамбетов тәртіп сақшыларының 26 жылда өз кәсіби қызметіне адалдығын, халықтың сенімін ақтап, қоғамдық тәртіпті қадағалау мен болдырмауға бар күшін салып келе жатқанын атап өтті.IMG_2697
–  Мемлекеттілік пен егемендіктің нығаюы жолында, саяси-әлеуметтік және экономикалық жағынан қалыптасуына ішкі істер органдарының қосқан үлесі зор. Осы жолда Қазақстан полицейлері азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қамтамасыз ете отырып, қылмыспен табанды күресіп келеді. Мемлекетіміздің дамуы мен елдегі тәртіпті бұдан кейін де сақтайтынына сенімім зор, – деді генерал.IMG_2703
Марапатталғандар қатарында облыстық ІІД Штаб басқармасының бастығы М.Қажкенов бар. Ол мерзімінен бұрын полиция полковнигі шеніне ие болды. Рудный қалалық ІІБ жедел басқару орталығы кезекші бөлімінің қызметкері В.Марахов подполковник шенін алды. Қостанай қалалық ІІБ көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы С.Мінайдарова ҚР ІІМ Грамотасымен марапатталды. Ал облыстық ІІД жедел әрекет арнайы отрядының рота командирі Д.Болотских «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі» медалін тақты.     IMG_2713
 
IMG_2722
IMG_2735Биылғы мерекелік жиынның концерттік бағдарламасы да бұрынғыдан өзгеше. Бұл жолы облыстық ІІД балалар хоры өз өнерлерін көрсетті. Кішкентай балғындардың барлығы – жергілікті тәртіп сақшыларының балалары.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓