Басшы жеке тұлғадан пара алған

Қостанай облысы бойынша Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро департаменті ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау комитетінің Рудный қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Б. Сұлтановты ұстады, деп хабарлайды Қазақпарат, ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.коррупци
«Б.Сұлтанов Қазақстан Республикасынан Норвегияға балық жеткізуге рұқсат бергені үшін жеке тұлғадан 350 мың теңге пара алғаны анықталды», – делінген хабарламада.
Ұсталған азамат өз айыбын толықтай мойындады.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓