Бояса да бұйырмады

Қостанай облысында полиция велосипед ұрлығына қатысы бар 26 жастағы күдіктіні ұстады.
Боровское ауылының тұрғыны велосипед жоғалғанын байқап, полицияға жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам жертөле құлпын бұзып, құны 50 мың теңге тұратын велосипедті ұрлап кеткен.
–  Бір түнде  екі велосипед  жоғалды. Полиция қызметкерлері ұрлық сериясын тергеуді бастады, – дейді Меңдіқара ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Мереке Жанзақов.
Тәртіп сақшылары пәтерлерді және аулаларды аралап, велосипедпен жүретіндерді тексерді.  Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 26 жастағы ер адам ұсталды. Ол ұрланған велосипедті өзге түске бояп, өзіне қалдырмақ болған екен.
Қазіргі уақытта ұрланған зат иелеріне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу "Ұрлық" бабы бойынша жүргізілуде.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓