Екі бала ыстан уланды
Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында болған.
«Жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пештің ақаулығынан (тартқыштың болмауы) тұншықтырғыш газбен уланған 2012 және 2014 жылы балалар ауруханаға жеткізілді», – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
ТЖД баспасөз қызметінде айтылғандай, жуырда Әулиекөл ауданы, Калинин ауылында бойжеткенге иіс тиіп, уланып қалған болатын. Оның жағдайы бірқалыпты.