Иттің иттен несі артық?

Қылмыскердің ізіне түсіп, көп ұзатпай ұстау үшін иіс сезгіш иттердің пайдасы зор. Тек 2018 жылдың өзінде облыс көлемінде екі жүзге жуық қылмысты ашуға осы иттердің пайдасы тиген.IMG_8037
Сондай төрт аяқты батырдың бірі – Зюйт. Ол күні кеше ғана полиция қызметкері А.Өмірзақовқа Қостанай қаласындағы Чайкина көшесінде 1615, 94 грамм көлемінде героины бар күдіктіні ұстауға көмектесті.IMG_8042
Жалпы, 2002 жылдан бері Қостанай облыстық Полиция Департаментіне қарасты кинология орталығы жемісті жұмыс істеп келеді. Әзірге, орталықта 27 үйретілген ит бар. Кинология қызметінің инспекторы, аға лейтенант Сергей Гапоновтың айтуынша, облыста мұндай маңызды қызметте 73 ит жүр.IMG_8050
-Күшік кезінде Алматыдан әкелеміз, сосын біздің әскерилер өздері баулиды. Әрбір сарбазға 2 иттен бекітілген. Неміс тұқымы, лабродор сияқты із есуге қабілетті жануарларды аламыз. Әрқайсысының күтімі әр түрлі. Бір ит күніне шамамен 400 грамм ет, 700 грамм жарма жейді. Сәйкесінше, олардың қызметтері сан қилы, өйткені, бір ит бірнеше тапсырманы орындай алмайды. Сондықтан, олар із кесуші, есірткі іздеуші, жарылғыш заттар іздеуші, шабуылдаушы иттер болып бөлінеді, – дейді тәжірибелі маман.IMG_8064(1)
Ақылды жануарлардың жетістігі жайлы айта беруге болады, бірақ ел аузында жүрген ерліктерінің бірі мынадай: 2014 жылы облыс орталығындағы әйгілі «Любимая Ева» дүкеніне қаруланған қарақшалар басып кіріп, ақша тонап әкеткен болатын. Иісшіл иттердің көмегімен тәртіп сақшылары қылмыскерлерді дереу қолға түсірді.
Аталмыш орталықтағы иттер үздік қызметі үшін көтермеленіп те отырады. Атап айтсақ, Рекс атты төбет Садовый ауылындағы қару ұрлығын ашуға көмектескені үшін сондай құрметтке ие болған. Иісшіл иттер әсіресе нашақорлармен күресте көп пайдасын тигізіп келеді. Сонымен қатар, ауыр қылмыстарды да ашуға кинолог мамандардың көмегі қашанда қажет.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓