Қостанайлықтар назарына

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық жедел штабы 7 қазанда Қостанай қаласының Солтүстік-Батыс ауданында «Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы ғимаратында терроризмнің ықтимал актілерін барынша азайту және жою жөніндегі іс-шараларды тәжірибелік өңдеуге, сондай-ақ мүдделі қызметтер мен ведомсволардың өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталған терроризмге қарсы жоспарлы жаттығулар өткізеді.Осыған байланысты, Орал Мухамеджанов көшесі, сонымен қатар 53-ші және 59-шы кварталдарында («Ханзада» мейрамханасының іргелес аумағын қоса алғанда) автокөлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Азаматтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, мемлекеттік органдардың өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ тек ресми ақпаратты басшылыққа алуды сұраймыз.
Қостанай облыстық жедел штабы 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓