Облыс әкімінің құттықтауы

архимедҚұрметті қостанайлықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын!
Бұл айтулы мереке бейбітшілік пен келісімнің нышанына айналды. Біздің барлық қол жеткізген жетістіктеріміз бен табыстарымыз – барша қазақстандықтың ұлы да мызғымас достығының нәтижесі.
Қазақстан Республикасының ұлтаралық саясаты – бейбітшілік идеологиясын ілгерілету, тұрақтылық және мәдениетаралық диалог құру бойынша халықаралық қоғамдастықтың эталоны.
Бұл жерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше рөл атқарады. Бұл теңдесі жоқ қоғамдық институт еліміздің киелі топырағында өмір сүріп жатқан түрлі этностардың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтау және дамытуға арналған.
1 Мамыр – қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының тұтастығының, ажырамас сабақтастығының нышаны.
Бүгіндері біз тарихи сәттің куәгері болудамыз – 9 маусымда Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлау өтеді.  Біз үшін бұл өте маңызды оқиға және әрбір азаматтың дауысы мемлекетіміздің тағдырын шешуде маңызды рөл атқарады.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерге осындай мерекелі де берекелі күнде шын жүректен  бақыт, мықты денсаулық, жетістіктер мен құт-береке, ал біздің ортақ үйіміз Қазақстанымызға бейбітшілік пен өркендеу тілеймін.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын!
 
Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓