Арнаулы жедел-тергеу тобы құрылды
Облыстық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасы облыс орталығының Корей кентінде әйелдерге шабуыл жасау фактілеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191 бабына(тонау) сәйкес қылмыстық істер қозғалғанын хабарлайды.

Жәбірленушілердің біреуінің көрсетуі бойынша күдіктінің жасы 27-30 жас шамасында, бойының ұзындығы 160-165 см, орта бойлы. Күдіктіні анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілуде.