Саяси партиялар лебізі
ХХІ ғасырдың екінші онжылдығына қадам басқалы тұрған Қазақстан қазіргі таңда айдай әлемге іргесі бекем, болашағы айқын мемлекет ретінде танымал болды. Еңсе тіктеу жолында біз еңсерген тарихи қиыншылық аз емес. Автономды республикадан егеменді елге айналған-ға дейін күрделі эволюциялық жолды артта қалдырдық.
Кезең-кезеңмен даму қағидасын маңдайға алған Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлттық жасампаз әлеуетін нығайта алды. Әлемде "қазақстандық барыстың секірісі" атты образдық атау иемденудің өзі – қоғамның болашаққа қуатты ұмтылыс жасауының жарқын мысалы.
Соның арқасында еліміздің аумағында жүзден астам ұлт пен ұлыс бейбітшілік пен келісім аясында өмір сүріп жатыр. Бізді қуанышы мен қайғысы қатар өрілген ортақ тарих біріктіреді.
Нақ осы себептен мамыр қазақстандықтар үшін айрықша ай саналады. Өйткені біз осы айда жарқын мерекелер – Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні аталып өтеді.
Бұл мейрамдар – біздің аталарымыздың өткен дәуірлердегі ерлігіне деген құрмет пен тағзымның белгісі. Аталмыш маңызды күндерде ардақты ардагерлерімізге жарқын келешекке даңғыл салып бергені үшін, бейбіт те берекелі өмір сыйлағаны үшін кезекті мәрте алғыс айтудың орайы туады.
Осы арқылы біз болашақ ұрпақ үшін қуатты Қазақстанның негізін қалай түсу мүмкіндігін иеленеміз. Бұл жолда тату-тәтті қазақстандықтар ортақ мүдде жолында ұйыса түседі.
Құрметті жерлестер! Біз, Қостанай облысының саяси партиялары өкілдері, сіздерді алдымызда тұрған атаулы мерекелермен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына ырыс-құт пен тыныштық тілейміз!
А.К.Досмұхамедов,
"Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары.
А.А.Әлімбаев,
Қазақстанның Коммунистік халық партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы.
С.А.Богатырев,
"Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" төрағасы.
Д.Жұмабаев,
"АҚ жол" ҚДП облыстық филиалының төрағасы.
С.Ж.Ешманов,
"Бірлік" партиясының облыстық филиалы төрағасы.
А.м. Күйшинова,
"Ауыл" ХДПП облыстық филиалының облыстық филиалы төрағасының орынбасары.