Әйелдер бас қосты

Бүгін облыстық филармонияда шекаралас аумақтағы әйелдердің «Шекара бойындағы ынтымақтастық – әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумы өтті.20180615151748
Айтулы шараны ұйымдастыруға облыс әкімдігі мен ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мұрындық болды. Оған облыс әкімі А.Мұхамбетов, ұлттық комиссияның мүшелері, ауылшаруашылығы, ұлттық экономика, мәдениет және спорт министрліктерінің мүшелері қатысты. Сондай-ақ, форумға Ресей Федерациясының Қорған, Орынбор, Челябі облыстарын, еліміздің Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын танытатын мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік секторларының және екі елдің шекаралас аумақтарының іскер өкілдері қатысты.
Екі елдің және көршілес өңірлердің қыз-келіншектері жиылған жиында Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарының қазіргі байланыстарын нығайту және жаңа түрлерін қалыптастыру, шекаралас аумақтарда туризмді дамыту, шекаралас ауылдық аумақтардағы кәсіпкер-әйелдер арасындағы іскерлік байланысты «ауылдан-ауылға» пішінін кеңейту және өзге де өзекті мәселелер көтерілді.O2xc2he6ODY-Өңірімізде 49 мыңнан астам кәсіпкер болса, оның тең жартысын осы нәзік жандылар құрап отыр, – деді облыс әкімі А.Мұхамбетов ашылу салтанатында.
ҚР Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.Тарасенко форумды ашып, айшықты шараның барша әлемге танылған Елорадамыз – Астана қаласының мерейтойлық 20 жылдығымен тұспа-тұс ұйымдастырылып жатқанын атап өтті.
Көкейтесті мәселелерді шешуге бағытталған бастамалар легі Бас қаламыздан бастау алады.
-Мемлекет басшысы Н.Назарбаев кезекті жиында «шекаралас өңірлерде сыртқы саяси, экономикалық, мәдени және басқа да көптеген мәселелерді қоса алғанда, өмірлік маңызды мәселе тоғысады, көршілес арасындағы және мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасар нығайып, берік бола түседі» деген болатын. Осындай мақсатта өтіп отырған жиында әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға, екі елдің іскерлік байланысын нығайтуға мол мүмкіндік береді, – деді Е.Тарасенко.20180615151712
Форумда белгілі болғандай, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің дерегі бойынша өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 357,2 млн. АҚШ долларын құрайды. Яғни, сауда 28,6% өскен. Өйткені осыдан екі жыл бұрын дәл осындай форум Петропавлда өткен болатын.
Көрші елден келген қонақ Ресей әйелдері одағы төрағасының орынбасары Надежда Ремнева мұндай жиынға қатысудың өзі бір мәртебе екенін айрықша атап өтті. Облыс әкіміне арнайы әкелген естелік сыйлығын тарту етті. Сонымен қатар өңіріміздегі іскер әйелдер қауымдастығының белді мүшесі Римма Бектұрғановаға Ресей Федерациясындағы Алтай өлкесінің тарихы туралы кітап сыйға тартты.
Шұға Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓