Бүгін Бейімбет Майлиннің туған күні

Бүгін алаштың алып бәйтерегі, көрнекті жазушы, қазақ әдебиетін қалыптастырушы тұлға Бейімбет Майлиннің туған күні. Ол Қостанай облысының қазіргі Б.Майлин ауданында 1894 жылы 15 қарашада дүниеге келген. photoСоңына қалдырған әдеби еңбектері ұшан-теңіз, өлшеуіз қазына. Қазақ журналистикасының дамуына да қосқан үлесі зор. Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінің жарық көруіне атсалысып, алғаш оның секретары, артынша редактордың орынбасары болып қызмет атқарған. Сол «Ауыл» газеті бүгінде «Қостанай таңы» атауымен жарық көріп келеді. Күллі алаш ардақ тұтатын алып тұлғаның есімі, қазыналы мұрасы қазақпен бірге жасай бермек! 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓