Сынға сақадай сай

Еуразиялық Топ кәсіпорындары арасындағы «Алтын қор» кәсіби шеберлік байқауына бір айдан аз уақыт қалды. Бүгінде «ССКӨБ» АҚ бөлімшелерінде іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Кен алыбы Екібастұз және Хромтау қалаларында бір мезгілде өтетін сынға 9 жұмыскерді аттандырмақ. Олар бульдозер машинисі, алып жүк көліктері және кран жүргізушісі, экскаваторшы, тепловоз машинисі, электр-газбен дәнекерлеуші, электр слесарі, жол монтері, химиялық талдау зертханашысы.4
 
1 (1)Корпоративтік жарыстар соңғы екі жыл бойы «ССКӨБ» АҚ базасында өткізіліп келді. Мысалға, «Алтын қор-2018» байқауында жерлестеріміз жеті аталымның төртеуінде жеңіс тұғырынан көрініп, рудныйда кәсіби мамандар жұмыс істейтіндігін ісімен дәлелдеді. Енді осы жетістікті қайталау үшін қатысушылар қызу дайындыққа кірісіп кетті.66
 
55Ауқымды шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» құжатында айтылған міндеттерді жүзеге асырып, жұмысшы маман иелерінің беделін көтеру және оларды жан-жақты ынталандыру.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓