Цифрландыру – жемқорлыққа қарсы күш

Елдің аграрлық секторына қолдау көрсету үшін бюджеттен жыл сайын миллиардтап қаржы бөлінуде. Әйтсе де, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттік қаржыландыру көлемінің ұлғаюы жемқорлық тәуекелдерін мұқият түрде сараптау қажеттігін міндет етеді. Бұл туралы Күні кеше өткен "Агроөнеркәсіптік кешендегі жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер" ғылыми-практикалық конференциясында Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов сөз қозғады. Өзге де сала мамандары осы мәселе жөнінде пікір алмасты.кон
Келелі жиынның көздегені – ауыл шаруашылығы саласындағы парақорлықтың алдын алу мүмкіндіктерін талқыға салу, "сақалды" түйткілдің тамырына балта шабу механизмдерін пысықтау.конф
Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қостанай облысы бойынша Департаментінің жетекшісі Салауат Мүксімов конференция қатысушыларының назарын мемлекет пен қоғамның жіті әрекеттестігі ғана жемқорлықпен күрестің жемісті тетігі бола алатынына аудартты. "Жегі құртты" жеңу үшін әлемдік стандарттарға сай келетін тиімді механиздерді құру шарт екендігіне де екпін салды. 
Ортаға тасталған ортақ мәселені талқыға алу үшін ауқымды жиынға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, облыстың агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің өкілдері, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро Департаментінің, аймақтық кәсіпкерлер палатасының мүшелері және өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
Конференция барысында әшкере болған жемқорлық тәуекелдері және оның жолын кешу үшін жүргізілген шаралар туралы ақпараттар берілді. Шынымен де, атқарылған жұмыстапдың қорытындысы көрсеткендей, бүгіндері ауыл шаруашылығы саласында заңнамалық тұрғыда да, ұйымдастыру-басқару қызметі арқылы да шешуді қажет ететін түйткілді мәселелер жоқ емес.
Жиында қаузалған аса маңызды мәселелердің бірі ауыл шаруашылығын цифрландыру болды. Өйткені жемқорлыққа қарсы механизмнің ең негізгі көрсеткіштерінің бірегейі – электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету.конферен
"Ауыл шаруашылығын цифрландыру – қазіргі уақыттың өте өзекті міндеттерінің бірі. Бұл бағытта біздің филиал екінші жыл қатарынан жүйелі жұмыс істеп жатыр. Бүгінгінің өзінде аз жұмыс атқарылған жоқ. Электронды түрде аумағы 385,1 мың га болатын жер қыртысы картасы және 428,2 мың гектарлық геоботаникалық карта жасалды", – деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы директорының м.а. И.Сафина.
Оған қоса, И.Сафина АӨК-ді цифрландыру жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, барлық алқаптық жұмыстарды уақытылы жоспарлауға, ресурстар тиімді қолдану негізінде өнімдер өндірісі шығынын азайтуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және мал шаруашылығы өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.
ҚР АШМ Қостанай аймақтық инспекциясының жетекшісі Болат Мирмановтың сөзінше, қазіргі таңдағы басты мақсат – осы жылдың аяғына дейін электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін 80 % дейін жеткізу. Өйткені бүгіннің өзінде бұл көрсеткіш 60%-ға тең.конфе
С.Муксимов күн тәртібіне алынған мәселелерді талқылап, шараның қорытындысын пысықтай келе, кез келген жемқорлық белгілеріне қарсы күресуге белсенді түрде күш жұмылдыру керектігін және ауыл шаруашылығы саласында көрініс табуы мүмкін жемқорлық нышандарын мейлінше азайту үшін жаппай қолдау жасалу қажеттігін қадап айтты. Себебі парақорлыққа деген үзілді-кесілді кері көзқарас, әділдік және "ала жіпті аттамау" әр қазақстандықтың белсенді азаматтық қағидасына айналуы тиіс. Ауыл шаруашылығы саласы жемқорлықтан азат болған күнде ғана Қазақстан әлемдегі аграрлық экспорттық өнімдер өндіретін алпауытқа айнала алмақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓