Кетігін тап та, бар, қалан

Рудный индустриялық институтында дәстүрге айналған «Мансап күні» шарасы өтті.1 (2)
Бірер күннен кейін ЖОО тәмамдаған жас түлектер жаңа өмірге қадам басады. Олардың өз мамандықтары бойынша қалаған жұмысына орналасуы – маңызды мәселе. Жасыратыны жоқ, қазіргі еңбек нарығында жастарға «екі қолға, бір күрек» ұсынушы компаниялар көп болғанымен, олардың көбі тұрақты емес. Тендерден тендерге дейін күн көріп жүргендер немесе қабылдарда құр уәдені үйіп төгіп, кейін жалақыны мардымсыз төлейтіндер. Сол себепті «мансап күніне» институт бірнеше жылдан бері сенімді серіктесіне айналған тұрақты компанияларды шақырады. Биыл бұл тізімге «ССКӨБ» АҚ, «Рудный цемент зауыты», «Қазақстан Алюминийі», «КЕГОК», «Қостанай минералдары», «Сарыарқа автопром» сияқты 30-ға тарта кәсіпорын кірді.
Іс-шараның негізгі бөлімінде ректор Әбдірахман Найзабеков Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің жасаған тізімінде институт көптеген мамандықтар бойынша маман даярлауда үздік үштіктің қатарына кіретіндігін атап өтті. Сөз соңында түлектерге сәттілік тілеп, бірнеше компанияның өкіліне сенім грамоталарын табыстады.IMG_3322
Одан кейін жастар фойеде жайғасқан жәрмеңкеге қатысып, бос жұмыс орындары жайлы пайдалы мағлұматтарды алды. Бірі түйіндемелерін қалдырып жатса, кейбіріне аталмыш кәсіпорындар нақты ұсыныстарын жасап жатты.
Айта кетейік, биыл институтты «Серпін» бағдарламасының алғашқы «қарлығаштары» тәмамдайды. Олардың көбі еңбек жолын Қостанай өңірінен бастауды жоспарлар отыр. Ендеше, жастарға сәттілік!
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓