Жаңа тағайындау
Қостанай әкімі аппаратының басшысы тағайындалды. Ол – осы уақытқа дейін Мичурин ауылдық округін басқарып келген Вера Клочко.
В.Клочко 1974 жылы Федоров ауданының Новошумный ауылында туған. Челябі мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Новошумный ауылдық округтің есепшісі, жетекшісі болып жұмыс істеді. Ал еңбек жолын Федоров ауданының Чапаев ауылында қарапайым жұмысшы болып бастаған. 1998-2017 жылдары аралығында аталмыш ауданда әртүрлі жауапты лауазымдарда болды. 2017 жылдың мамыр айынан бастап, осы уақытқа дейін Мичурин ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.