Елбасы салған сара жолмен

Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі» атты "Сарапшы" саяси клубының бірінші дөңгелек үстелі өтті. Отырыс модераторы ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Байменованың айтуынша, саяси клуб құрудағы мақсат – саяси партияларды, азаматтық қоғамды, БАҚ пен ҮЕҰ-ды біріктіру. Кездесуге саяси партиялардың басшылары, азаматтық қоғам, ғылыми интеллигенция өкілдері, мәдениет және білім саласының қызметкерлері қатысты.19a60b7d-f8d0-460c-9be9-e92bcfc0eafa
Зәуре Әнуарбекқызы Қазақстанның тұңғыш президентінің саяси жетілуі мен мемлекеттік даналығы біздің елімізге көптеген қақтығыстар мен күйзелістерді болдырмауға, үйлесімді жалпыұлттық келісім мен бірліктің пәрменді моделін құруға мүмкіндік бергенін тілге тиек етті.
– Облыстық ішкі саясат басқармасы мемлекеттік органдар арасындағы басты идеологиялық басқарманың негізгі бағыттарымыздың бірі – тазаматтық қоғамды дамыту мен мықты қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру. Азаматтық қоғам өкілдерін тұрақты серіктес ретінде қарастыра отырып, мемлекеттік саясатты, әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру мақсатында "Сарапшы" саяси клубының ашылуына бастамашы болдық. Жоспарға сай кездесулер тоқсан сайын өтетін болады. Кездесулерде саяси партиялардың жұмысымен танысып, өзекті мәселелерді талқылап, олардың шешімін табуға мүмкіндік беріледі. Алғашқы кездесуіміз ҚР-ның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін  айқындау  болып отыр. Тарихтың жаңа тарауын бастаған егемен еліміз тағы бір маңызды кезеңнің алдында тұр. Осы кезеңде қабылданатын шешімдер мен келешекте жүргізілетін саяси  бағытты сақтап қалуы тиіс, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Байменова.eb357c6f-fd61-486c-bda0-ff4673762fff
Спикердің пікірінше, Қазақстан бүгінде дамудың жаңа кезеңінде, отыз жыл ішінде мемлекеттік құрылыста оң нәтижелерге қол жеткізді.
-Қазақстанның дамуында Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі зор. Салиқалы саясатының арқасында Қазақстанды әлемге танытып, аянбай еңбек етті. Еліміздің саяси-экономикалық  дамуына жан-жақты қолдау көрсете білді ,- деді қоғам қайраткері Рима Ғайсенова.
Алдағы саяси өзгерістердің маңыздылығын түсіне отырып, әртүрлі саладағы сарапшылар Елбасының саясатын одан әрі іске асыру тетіктерін әзірлеу мақсатында кездесулер ұйымдастырылады.
 
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген автор

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓