Әлихан Смайылов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалды

5 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Премьер-министр міндетін уақытша атқарушы болып Әлихан Смайылов тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы премьер-министрінің міндетін атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа уақытша жүктелсін", – делінген президенттің жарлығында.

Айта кетейік, мемлекет басшысының жарлығына сәйкес үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастырады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓