Дәулетті мемлекеттің негізін қалады
Қазақ мемлекетінің негізін қалаған тұлға, білікті саясаткер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты. Елбасы Кеңес Одағы күйреген тұстағы аса күрделі геосаяси жағдайда жаңа мемлекеттің негізін қалап, оның көшін бастады. Осы қызметінен өз еркімен кетуі бәріміз үшін де күтпеген жаңалық болды. Ол қазіргі көпсалалы қоғамдағы жүйелі реформаларды іске асырған сарабдал саясаткер.
Жалпы, саяси көшбасшылардың мойнында үлкен тарихи міндет пен жауапкершілік тұрады. Олар мемлекет пен қоғамның түбегейлі өзгеру процесін басқарады. Нұрсұлтан Назарбаев феномені – президенттік институттан өсіп, Ұлт көшбасшысы деңгейіне жеткені.
Елбасы мәулетті мемлекетті орнатты, сәулетті астананы көтерді.
Көшбасшымыз әлемдік деңгейдегі іс-шараларды өткізіп отырды. Оның мақсаты елімізді бейбітшлік бесігіне айналдыру еді. Ол мақсаты да орындалды. Біз әлемдік аренада көпвекторлы формуланы ұстанып отырмыз, 187 елмен қарым-қатынас орнаттық. Бүгінде экономикасы дамыған, нарықтық қатынасы қалыптасқан елд рухани өрлеу жолында да жұмыстар атқарылуда. Елбасы 30 елдің қатарына баратын сара жолды салып берді.Бастысы, ол саясаттан кеткен жоқ. Оның еңбегіне басымды иіп алғыс айтамын. Сондай-ақ, бүгін Елбасыға "Халық қаһарманы" атағы табыс етілді. Шын мəнісінде де ұлт келешегіне кемел даңғыл салған көреген көшбасшыны бұл асқақ мəртебеге лайық деп есептеймін!
Қалқаман Жақып,
профессор, ҚХА мүшесі