Алдын ала қорытынды жария болды

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлауда кандидаттарға сайлаушылардың қанша дауыс бергендігін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.IMG_1780
Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249  дауыс немесе сайлаушылардың 1,82 пайыз дауысын, Дания Еспаева 478 153  дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 пайыз дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе  сайлаушылардың 16,02 пайыз дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 пайыз дауысын, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 пайыз дауысын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 немесе сайлаушылардың 70,76 пайыз дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 пайыз дауысын  жинады", – деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓