Жарайсың, Жан

Жерлесіміз, супер ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий (10-0, 9КО) венесуэлалық қарсыласы Уильямс Окандоны (20-8, 16КО) нокаутпен жеңді. Бұл туралы ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.Жан
Бокс кеші Беларусь астанасы Минскіде өтті. Ж.Кособуцкий алты раундқа есептелген айқасты екінші раундта нокаутпен аяқтады. Бұл – 30 жастағы спортшымыздың мерзімінен бұрын аяқтаған тоғызыншы жекпе-жегі.
Еске салайық, қазақстандық кәсіпқой боксшы аталмыш кеште Германия өкілі, 38 жастағы Евгений Бухмюллермен (15-4, 12КО) жұдырықтасуы тиіс еді. Бірақ ол жарақатына байланысты айқастан бас тартты. Кособуцкий профи-рингте 2017 жылдың қыркүйек айынан өнер көрсетіп келеді. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓