Қайтқан малдың қайыры бар

Сарыкөл ауданының полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ольга Сайбель алғыс хат жазды. Айтуынша, полицейлер оның жоғалған ақшасын тауып берген.f2ad7b7b-aed2-431e-8a3c-2bb989d92291Ол күйеуімен бірге Қостанайға келе жатқан. Жол бойында Сарыкөл кенті тұсындағы дәмхана маңына тоқтап, ішінде 700 мың теңге ақшасы бар әмиянын жоғалтып алған. Сарыкөл және Алтынсарин аудандары полицейлерінің жедел іс-қимылдарының нәтижесінде ақшаны қолына түсірген Қостанай қаласының тұрғыны анықталды.
Белгілі болғандай, дәмхананың жанында тоқтаған "Газель" автокөлігінің жүргізушісі жерде жатқан әмиянді көріп, оны алып кеткен. "Газель" жүргізушісі оқиға орнынан 90 шақырымға ұзап кеткен. Ер адамды Алтынсарин ауданының өзге полицейлері санитарлық бекетке кіре берісте тоқтатты.
Ақшасы өздеріне қайтқан әйел жолдасымен бірге жергілікті полиция бөліміне хат жолдап, жеделдік әрі кәсібилігі үшін қызметкерлерге алғыстарын білдірді.
Жедел іздестіру іс-шараларына Сарыкөл ауданының Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ілияс Жақыпов, тергеуші-стажер Диас Қабдуалиев, учаскелік инспектор полиция майоры Асхат Жанабаев, полиция лейтенанты Денис Постоялкин, полиция капитаны Берік Жапбасбаев, кіші полиция лейтенанттары Қанат Кемелов, Серік Тоқушев және Алтынсарин ауданының ПБ полиция майоры Ермек Досмағамбетов қатысты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓