Қашқынға іздеу салынады
Қостанай облысында қоныс колониясынан қашып кеткен Арман Жұманов іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2019 жылғы 23 сәуірде кешке 1981 жылы туған жазасын өтеуші Арман Бахитұлы Жұманов УК-161/11 (қоныс-колониясы) қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде қылмыстық жазасын өтеп жүрген кезде қашып кеткен. Ол осы мекемеде жұмысқа орналасқан, еркін жүріп-тұру құқығын пайдалана отырып, жұмыс орнын тастап, белгісіз бағытта бой тасалаған», – делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта жазасын өтеушінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.