Алаяқтар 23 пәтерді заңсыз иемденген

– Қостанайда сегіз адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды. «Қара риэлторлар» пәтерлерді тартып алумен айналысқан, тіпті, екі баспана иесін о дүниеге аттандырған. Бұл туралы Қостанай прокуратурасының алқа отырысы барысында мәлімдеді.
"Ұйымдасқан алаяқтардың жолы кесілді, біріншісі – трансұлттық, қымбат автокөліктерді ұрлаумен айналысқан. Болжам бойынша, олар 91 автокөлікті ұрлаған болуы мүмкін. Қазір зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Екінші қылмыстық топ сегіз адамнан құралған, 23 пәтерді заңсыз иемденіп, екі меншік иесін өлтірген», – делінген хабарламада.
Алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша, 100 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалған. Мемлекет кірісіне 95 миллион теңге алынып, Алимент бойынша 40 миллион теңге көлемінде жүздеген баланың құқығы қорғалды. Еңбекақыларын ала алмай жүрген 700 жұмысшыға 116 миллион теңге жалақы төленді. 
 
ҚазаАқпарат

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓