“Қауіпсіз жол” шарасы өткізілуде

Қостанайлық полицейлер бір күнде жол жүру ережесін бұзудың 400 жағдайын анықтады.гаи
Облыста өткен "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу шарасының алғашқы күнінің қорытындысы осындай. Жылдамдықты асырып жіберген 87 жүргізуші, көлікті мас күйінде жүргізген 27 жүргізуші және көлікте келе жатып телефонмен сөйлескен 52 жүргізуші құрықталды. Ереже бұзушылардың бірі Қостанай қаласы ІІБ бейне қадағалау камерасының көмегімен ұсталды. "Ниссан" автомобилінің жүргізушісі ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып ұсталды. Ал мұндай ереже бұзушыларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.
Айдың соңына дейін жалғасатын операция кезінде жолдарда жол-патруль полициясы инспекторларының саны көбейтіліп, қоғамдық көлік пен такси жүргізушілеріне бақылау күшейтіледі. 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓