Алаяқтар ұсталды
Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағанындай, облыс полицейлері алаяқтыққа байланысты екі қылмысты ашты.

Таран ауданының Валерьяновка селосында өзінің таныстарына 50 мың теңге ақшасын қайтармай жүрген әйел ұсталды. Осы фактілер бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық Кодексінің 177 бабы(алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Полиция тұрғындарға алаяқтарға алданбас үшін абай болу қажеттігін ескертеді. Алаяқтарға тап болған жағдайда дереу полицияға хабарлаған жөн.
Мнауара
ҚАБДРАХМЕТОВА