Лауазымды тұлға парамен ұсталды

Рудный қалалық сотына Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс түсті. Ол ҚР ҚК-нің 366 бабы 1 бөлігі бойынша айыпталып отыр.пара
Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 11 шілдесінде «В» ЖШС-нің директоры А. жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасына барып қосымша құн салығын төлеуші ретінде тіркеуге қою рәсімін реттемек болған. Айыпталушы Б. «В» ЖШС тіркеу тізіміне енгізу бойынша барлық құжаттарды  дайындауда кеңес беріп, тіркеуге қою мәселесінің жылдам әрі оң шешілуіне ықпал ететіндігін айтып, өз «көмегін» 100 000 теңгеге бағалаған.
12 шілдеде 20 сағат 45 минут шамасында «N» дәмханасының қасында Б-ны азамат А-дан 100 000 теңге көлемінде пара алуы кезінде сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі қызметкерлері ұстаған.
Іс бойынша сот отырысы жуық күндері тағайындалады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓