Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама
Қостанай және Рудный қалаларының аула клубтарында акция өтті.
Жастар ортасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараның мақсаты – тұрғындардың назарын жастар ортасындағы алкоголизм мен нашақорлық проблемаларына аудару. Акция барысында есірткінің адам ағзасына келтіретін зияны жайында айтылды.
Жастар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесе отырып, аулалық клубтарда бірнеше шаралар өткізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырумен, спорт және туризммен белсенді түрде айналысуға шақыру, сондай-ақ жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру. Темекі шегу мен араққа салынудың зардабын түсіндіру.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА