Жол көлік оқиғаларында 52 адам ажал құшты
Қостанай облысында адам өлімімен аяқталған жол көлік оқиғалары жиілеп кетті. 25 шілде күні облыс орталығында 13 жасар баланы мас жүргізуші қағып кетті. Сол күні Торғай Арқалық тас жолында екі темір тұлпар бетпе бет соқтығысты. Салдарынан, 3 адам ажал құшты.
Жыл басынан бері облыс бойынша жол көлік оқиғасынан 52 адам көз жұмып, 313 азамат әр түрлі жарақат алған. Тәртіп сақшылары мұның басты себебі темір тұлпар тізгінін ұстағандардың жолдағы тәртіпсіздігі мен мәдениетсіздігі себеп. Статистикалық мәліметтерге жүгінер болсақ, жол көлік оқиғаларына себепші болған жүргізушілердің 90 % кінәлі көрінеді. Олардың кесірінен 44 адамның өмірі қиылды. Әсіресе, мас күйінде рөлге отырып, көлік басқару белең алып барады. Осындай тәртіпсіздіктің салдарынан 6 адам мерт болған. Жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережесінің сақтамауы салдарынан 27 жол көлік өқиғасы болған. Онда да 8 адам өлген.
Қостанай облысы бойынша әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ердәулет Махмұтов соңғы жылдары қалада көліктің көбейгенін айтады. «Статистика бойынша әрбір төртінші қостанайлық – темір тұлпар иесі. Оларды тәртіпке салу үшін барлық шара қолданылып жатыр», – дейді ол облыстық әкімдікте өткен жиналықтағы баяндамасында. Қазір облыс орталығының әр көшесінде жылдамдықты бақылау камералары орнатылған. Басқа да арнайы құралдар жол қозғалысындағы ереже бұзушылықты анықтайды. Бірақ, көлік тізгінде отырып ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау және жаяу жүргіншіні өткізбеу сияқты заң бұзушылықтар азаяр емес. Адамның жағасын ұстатын қайғылы оқиғалар да жиілеп кетті.25 шілдеде 13 жасар Әлішер Саматовтың өмірін қиған оқиғадан кейін, Маяковкий көшесінде жылдамдықты шектейтін белгі қойылды. Енді жүргізушілер бұл көшеде жылдамдықтарын сағатына 50 шақырымнан асырмауы тиіс.
Алқалы жиында облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов қайғылы оқиғалардың етек жаюына жол полициясы қызметкерлерінің салғырттығы себеп дейді.
– Жыл сайын бұл салаға бөлінетін қаржы көлемі өсуде. Мәселен, биыл 6 млрд.теңгеден астам қаражат қарастырылды. Заманауи құралдарды, техника сатып алу үшін ақшалай қиындық жоқ. Сондықтан жолда тәртіптің болуы талап етеміз, – деді өңір басшысының орынбасары.

Махаббат Бекбай