Жалған ақшамен есеп айырысқан

small_1297338852_dolg131 тамыз күні Қостанай–Әулиекөл–Сұрған автожолындағы жанар-жағармай құю стансасында бір жүргізуші жалған екі мың теңгелікпен есеп айырысқан. Оператор ақшаның жалған екенін байқағасын полицияға хабар берді. Жедел-іздестіру шарасының барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Ақмола облысының үш тұрғыны жасанды банкноттарды қайдан алғанын түсіндіре алмады. Осы факті бойынша  ҚР Қылмыстық Кодексінің 177 бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізілуде.
Полиция облыс тұрғындарын  сақ және қырағы болуға шақырады. Жалған ақшаны анықтау үшін ерекше белгілеріне назар аудару қажет. Жалған ақша ұстаған кезде теп-тегіс, ал нағыз ақша бедерлі болады. Жалған ақшадағы су белгілері күңгірттеу немесе мүлде болмайды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓