24 адам өндірістік жарақат алды
Жыл басынан бері 24 адам өндірістік жарақат алды.Зардап шеккендердің басым бөлігі құрылыс саласындағы кәсіпорындар мен тау-металлургиялық кешендерінде, – дейді мемлекеттік еңбек инспекторы К.Күлтаева.
«Біздегі оң өзгерістерге қарамастан, бүгінгі таңда қайғылы жағдайлардың болуы сақталып отыр. 2014 жылы 171 адам өндірістік жарақат алды. 39 адам ауыр жарақаттанды. 25-і қаза тапты. Ал жыл басынан бері 24 адам өндірістік жарақат алды. Өкінішке қарай, үш адам қайғылы жағдайға тап болды. Осы уақытқа дейін еңбек инспекторлары 15 арнайы тергеу шараларын жүргізді», – деді ол.
Еңбек инспекторының айтуынша, өлім бойынша көрсетілген санның 70-тен аса пайызы жұмыс берушінің кесірінен болады. Сонымен қатар, өндірістік жарақат алудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды мен Шығыс Қазақстан болса, біздің өңір үшінші орында екен.
Шұға Аңсаған