Күдіктіні қолға түсірді
Жуырда Қостанайдағы №6697 әскери бөлімінің патрульдік қызмет наряды шұлығына героин тәріздес ақ түсті ұнтақты жасырған күдіктіні қолға түсірді.
Оқиға 27 тамыз күні сағат 18.10 шамасында болған. Әскери наряд басшысы кіші сержант Б.Жағалтаев пен қатардағы сарбаздар А.Үмбетқұл, Е.Сағынтаев бар №946 патрульдік наряд тобы қала ішіндегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалап жүреді. Сол күні әскери қызмет наряды Толстой көшесіндегі №67 үйдің қасынан өтіп бара жатып, күдік тудырған 1978 жылғы азамат С.-ны байқайды. Күдіктіні тексеру барысында кинолог-маман сержант Е.Фазулов шақырылады. Ол қызметтік иттің көмегімен күдіктінің шұлығынан ге-роинге ұқсас ақ түсті ұнтағы бар медициналық шприцті табады. Істің анық-қанығын тексеру үшін күдікті ұсталып, оперативтік топқа жіберілді.
Бұл ретте, қала ішіндегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалау ішкі әскердегі әр қызметшінің азаматтық борышы екендігін атап өткен жөн.
Қымбат
ДОСЖАНОВА
Суретте №946 патрульдік наряд тобы