60 кәсіпкер салық төлеуден жалтарған

Қостанайда салық төлеуден жалтарған 60 кәсіпкер анықталды. Олар салық ретінде төленетін 53 млн теңгеден астам қаражатты жасырып қалған.
фото 2
Қостанай көлік прокуратурасы талдау барысында мемлекеттік кіріс органдарына өзінің тауар айналымы туралы мәліметтерді ұсынбаған, 53 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған 60 кәсіпкерді анықтады.
– Осы ретте бизнес субъектілері темір жол көлігімен тасымалдау бойынша қызметтерді пайдалана отырып, салық салынатын тауарларды сатқан. Мысалы, облыс кәсіпорындарының бірі салық декларациясында 263 млн. теңге сомасына астық өнімдерін сатқанын көрсетпеген. Нәтижесінде төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасы 21,9 млн. теңгені құрады, – делінген Бас прокуратураның сайтында.
Бақылау органының қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлер өздерінің салықтық міндеттемелерін толық көлемде орындады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓