Қару тәркіленді
"Қостанай" шекара отрядының "Қайрақ-авто" бөлімшесінде Ресейден жекеменшік "Шкода Рапид" автокөлігімен Қазақстанға қайтып келе жатқан 1993 жылы туған қазақстандық ұсталды.
– Шекара наряды ер адамның автокөлігінің жүксалғышынан, калибры 7,62 мм-лік, пайдаланудан алынып тасталған, залалсыздандырылған барлығы 6 дана Калашников автоматы және олардың 6 дана оқсауытын тапты. Тасымалдаушының айтуы бойынша бұл автоматтарды Мәскеуден коллекция және фильм түсіру үшін сатып алған, – деді ведомстводағылар.
Істің анық-қанығын тексеру үшін, ұсталған азамат қару-жарағымен бірге Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.