Екі адам жұқа мұздың құрбаны болды

Оқиға екі тәулік бұрын Арқалықта болды. Кешкі 11-лер шамасында «101» диспечерлік қызметіне қалалық саябақ маңындағы су тоғанына адамның батып жатқанын, шұғыл көмек қажет екендігі туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына 6 құтқарушы және бір техника дереу жөнелтілген. Дегенмен, құтқарушыларға бір ғана азаматты құтқару мүмкін болды. аркалыкта ппц25 жастағы жапа шегуші Арқалық аймақтық ауруханасына жатқызылды. Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай болған маңда әлгі жігітпен бірге тағы үш адам болған. Біреуі ғана жағада қалып, ішімдікке тойып алған еріккендер мұздың қалыңдығын тексеріп көріп, сырғанақ ойнағысы келіпті. Ойыннан от шығып, екі азамат су астына кетеді. Оларға көмектеспекші болып, үшіншісі де ажалмен бетпе-бет келе жаздады.
Құтқарушылар келесі күні таңғы 9.00-де 28 және 23 жастағы екі жігіттің денесін жағаға шығарды. Марқұмдардың денесі Арқалық аймақтық ауруханасының мәйітханасына жеткізілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓