Қылмысын мойындады

 WhatsApp Image 2020-06-07 at 14.40.22

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдері Қостанай қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. Лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілігіп отыр. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров Агенттіктің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте баяндады.

– Құрылыс бөлімінің басшысы мемлекеттік сатып алу келісіміне кедергісіз қол қойып беру үшін жылжымайтын мүлік агенттігінің риэлторынан 800 мың теңге пара алған. Айта кетейік, мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасылардың уақытша қоныстануы мақсатында әкімдік жеке адамдардан пәтерлер сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алу конкурсын жүргізген болатын. Кінәларын толық мойындағандықтан, аталған тұлғаларға қатысты қамау шарасы қолданылған жоқ. Сондай-ақ, олар сотқа дейінгі қылмыстық істі жедел түрде аяқтау туралы өтініш түсіріп отыр, – деді Д.Бегайдаров.
WhatsApp Image 2020-06-07 at 14.40.2222
Ал күдіктілерді ұстау шарасынан түсірілген видео материал YouTube каналының ANTIKOR NEWS жаңалықтарында жарияланған – https://www.youtube.com/watch?time_continue=68&v=taSDfV5l_AA&feature=emb_logo.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓