Байқауға қатысыңыз!
Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы Даланың 7 қыры» мақаласын интернет-кеңістік пен әлеуметтік желілерде ақпараттық ілгерілету аясында «Сана серпіні» онлайн-байқауын жариялайды. Қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алыңыздар!
«Сана серпіні» жобасының
ЕРЕЖЕСІ
Ұйымдастырушылар:
– «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ;
Байқаудың мақсаты:
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы Даланың 7 қыры» мақаласын интернет-кеңістік пен әлеуметтік желілерде жариялау және ақпараттық ілгерілету;
– «Ұлы Даланың көне өнері мен технологиялары музейі» арнайы жобасын ілгерілету;
– «Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жобасының насихаттау;
– «Туған жер» арнайы жобасын ілгерлету.
Өтетін мерзімі:
2019 жылғы сәуір-шілде айлары аралығы.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
– жобаға Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының әлеуметтік желілеріне жазылуды ресімдеген және 16 жасқа толған облыстың кез келген тұрғыны қатыса алады;
– қатысушылар байқау жауаптарын сауатты әрі түсінікті жеткізуі тиіс;
– қатысушылар әр кезеңнің жауабын уақытылы беруі тиіс;
Байқаудың өткізілу тәртібі:
1. «Сана серпіні» байқауы 3 кезеңнен тұрады:
– 1-кезең: «Ат әбзелін тап». Қатысушылар суретте қандай ат әбзелі көрсетілгенін және оның не үшін керектігін түсіндіруі тиіс. Аптасына екі рет тапсырмалар беріліп отырады (дүйсенбі, бейсенбі).
– 2-кезең: «Тобыл-Торғай тарихы». Қостанай облысындағы ескерткіштерді, киелі нысандарды танытуға бағытталған. Қатысушылар әлеуметтік желіде суреттерде көрсетілген тарихи-мәдени нысандар мен ескерткіштердің дұрыс атауларын, орналасқан жерлерін, сондай-ақ қызықты фактілер жазуы керек.
– 3-кезең: «Көркейе бер, Қостанай!» Қатысушылар бұл кезеңде «Көркейе бер, Қостанай!» акциясын қолдап, өзінің тұрғылықты жерінің көркеюіне үлес қосуы тиіс. Өз ауылы немесе қаласының ажарын аша түсетін, жерелстеріне оң септігі тиетін пайдалы іс жасауы керек.
2. байқау жеңімпаздары ұйымдастырушылар шешімімен анықталады. Жүлдегерлер 1-орын, 2-орын, 3-орынмен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталатын болады.
3. байқау қорытындысы Астана күні мерекесі қарсаңында шығарылады.
4. марапттау қорын Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұсынады;
5. ұйымдастыру жұмыстарын Жеткізуші қамтамасыз етеді.
Қатысушыларды бағалау жұмысы:
– байқауды ұйымдастырушылар үміткерлердің жауабын балдық жүйеде, яғни 5 пен 10 ұпайы аралығында бағалайды. Әр тапсырма жеке-жеке бағаланады. Ұйымдастырушылар барлық кезең бойынша үміткерлердің жауабын бағалап, ортақ ұпайды санайды. Ең көп балл жинаған қатысушы жеңімпаз болып жарияланады.
Байқау келесі әлеуметтік желілерде өткізіледі:
1. ВКонтакте (негізгі платформа)
2. Instagram (жарнама)
3. Facebook (жарнама)
Өтініштерді тапсыру шарттары:
Байқауға қатысушы мына құжаттарды:
– байқауға қатысу туралы өтінім (берілген үлгі бойынша);
– жеке куәлік көшірмесі;
ӨТІНІМ
Қатысушының аты-жөні_____________________________________
Әлеуметтік желідегі логины (ВКонтакте)_______________________
Ұялы телефон нөмірі________________________________________
Мекенжайы________________________________________________