Мемлекеттік қызметке шақырады

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жылдағы үрдіс бойынша мемлекеттік қызметтегі бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып отыр. Оған Қостанайдың білім ордаларында оқып жүрген шәкірттер келген екен. Олардың көбісі биыл оқуын тәмамдайтын түлектер. Дегенмен араларында үшінші, екінші курс студенттері де кездесіп жатты.IMG_9976
 
IMG_9965
IMG_9903
IMG_9900
IMG_0002IMG_9972
IMG_9923– Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдіретіндер қатары жыл санап артып келеді. Бұл да мемлекеттік қызметтің еңбек биржасындағы бәсекелестігін арттыра берері сөзсіз. Бүгінгі бос орындар жәрмеңкесі кез келген түлек немесе қызметке орналасқысы келетіндер үшін зор мүмкіндік. Және бұл жұмыс іздеушінің алдын ала құжаттарын әзірлеп, алдағы қызметке орналасу сынағына дайындалуына мүмкіндік бермек. Бүгінгі жәрмеңкеге отызға тарта мемлекеттік орган қатысып отыр. Оларда екі жүзге жуық бос орын бар, – деді Департаменттің басқарма басшысы Әлия Оспанова.IMG_0035
Бір әттеген-айы, жәрмеңкеге қатысқан қызмет беруші басқарма-департаменттер мен аумақтық органдардың көбінде қазақ тіліндегі бүктеме қағаздар, ақпараттық хабарламалар, талап парақтары болмай шықты. Өйткені, жұмысқа ниетті жастардың бірқатары сала мамандарынан мемлекеттік тілде ақпарат беруін сұрап жатыр. Әлия Оспанова осы олқылықтардың орнын толтырамыз деп уәдесін берді.IMG_9919
 
Суреттерді түсірген Б.Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓