«Nur Оtаn»: Бірлігі бекем ел озады
Бүгін «Nur Оtаn» партиясы облыстық филиалының XXVII кезектен тыс конференциясы өтті. Маңызды іс – шараны өңір басшысы, облыстық филиал төрағасы Архимед Мұхамбетов жүргізіп отырды. Алқалы жиында алдағы сайлаудың маңыздылығы, Елбасы, партия төрағасы айқындап берген партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.
– Қазіргі таңда еліміздегі ең беделді және қуатты саяси күш – «Нұр Отан» партиясы үшін тарихи кезең. Партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Оtаn» партиясы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс XIX съезін шақыру туралы қаулыға қол өойды. Қаулыға сәйкес съезд Нұр-Сұлтан қаласында алдағы 23 сәуірі күні өтеді. Осыган орай біз бүгін күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру үшін партия облыстық филиалының конференциясын өткізуге арнайы жиналып отырмыз,- деп атап өтті облыс әкімі Архимед Бегенжанұлы.
«Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» тәрізді жаңа жобалар партия жұмысының басты бағдарына айналмақ. Елбасы 2030 жылға дейінгі партия бағдарламасына қатысты нақты жоспарды дайындауды және жаңа үлттық төрт жобаны тиімді жүзеге асыруды да нықтап тапсырғаны белгілі. «Партияның кадрлық резерві мемлекеттік басқарушы органдардың кадрлық негізін қүрайтын өзекті жүйеге айналуы тиіс. Өңірде осы бағытта кешенді жұмыс жүзеге асырылуы тиіс» деді облыстық филиал төрағасы.
Бүгінде біздің өңір ауылшаруашылық, тұрғын үй құрылысы тәрізді бірнеше сала бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Бұл облыстың соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.
-Өткен жылдан бері өңірде 2000-нан астам отбасына тиісті көмекетер көрсетілді. Оның ішінде мұқтаж жандар баспанамен қамтылды. Осы ретте облыс кәсіпкерлері белсенділік танытқанын айтып өткен жөн. Игілікті іс үстіміздегі жылы да жалғасады деп сенемін. Биыл көп балалы отбасыларына пәтер сатып әперу үшін бюджеттен 900 млн теңге бөлінді. Алдағы уақытта Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларында тұратын көпбалалы отбасыларға пәтер беріледі. Мұндай жұмыстар аудандар мен қалаларда да көрініс табуы тиіс,-деді А.Мұхамбетов жиын үстінде.
Конференцияда партия белсенділері де сөз алды. Олар партиялықтардың ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешімін толығымен қолдайтындықтарын айтты.
– Біздің саяси үйым Елбасы анықтап берген жаңғыру жұмыстары мен еліміздің қазіргі даму қарқынының әрі қарай сақталуы үшін жүмыс істейді. Түңгыш Президентіміздің тікелей бастамасымен қолга алынған ауқымды экономикалық, әлеуметтік даму саясаты партия мен мемлекетіміздің алдағы жұмыс багыттарының негізгі басымдығы болып қала береді. Сайлау еліміздегі түрақтылық пен бірліктің одан әрі күшеюіне оң әсерін тигізіп, халықты Елбасының саясаты аясында жаңа мақсаттарға жетелейді деп сенеміз,- дейді облыстық мәслихатының депутаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры Алма Дощанова.
«Nur Оtаn» партиясы «ССҚӨБ» АҚ аудандық филиалы төрағасының орынбасары Александр Макаренко да, партияласының сөзін қостады. Жиын соңында алда өтетін съездге қатысатын делегаттар сайланды.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ