«Алғысым шексіз, Қазақстан!»
Алғыс айту күні – қазақ халқына тән қайырымдылықтың, қамқорлық пен қонақжайлықтың нышаны. Осы мереке қарсаңында облыста көптеген іс-шаралар мен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылуда. Соның бір парасы – Сити-орталықта өткен «Қостанай – достық мекені» атты мерекелік шара.



– Былтырғы жылдың сәуір айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сесссиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1-наурызды барлық этностардың бір-біріне Алғыс айту күні деп жариялау туралы ұсыныспен сөз сөйлеген. Расында да бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Олай дейтін себебіміз, елдің дамуы – бірлік пен ынтымақтың арқасында. Осы күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі іспетті. Мен Қостанай өңірін мекендеген барша тұрғындарды Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Әрқашан аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын, – деді.

«Біз – Қазақстанның болашағымыз» атты флэшмобқа жиылған жастардың дені қатысты. Ал белгілі әнші, домбырашы Азамат Мұқатов Шәмшінің «Арыс жағасындасын» нақышына келтірсе, жас өнерпаз Азамат Ибраев «Мен – қазақпын» әнін орындап, жұртты желпіндіріп тастады.



Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ