Суицидтің жолын кесті

7 сәуір күні сағат 16.00-де Рудный қаласында "102" пультіне ер адам әлдекімнің өз-өзіне қол жұмсамақ болып жатқаны туралы хабар берген. 
Суицидтік әрекет болғалы жатқан жерге қалалық ҚП полиция автобақылау қызметкерлері – аға сержант Жәнібек Ғалымханов пен Нұрбек Есқабыл дереу жөнелтіледі. Оқиға орнына келіп жеткен олар рудныйлық әйелдің өз өмірімен қош айтысуға оқталғанына көз жеткізеді. Ол көп пәтерлі үйдің төбесіне шығып, төмен секіргелі тұрған.P17lpCiuUh0
-Полицейлер үшін барлық шақырту аса маңызды. Дегенмен дәл мұндай жағдайда бір өмірді аман алып қалу біздің бар мүмкіндігінше жедел әрі жинақы қимылдауымызға байланысты болады, – дейді полиция сержанты Н.Есқабыл.
-Жағдайдың күрделі екенін көріп, әріптесіміз екеуміз бір-бірімізді айтпай түсіндік. Сержант Есқабыл 52 жастағы әйелді тілге тартуға әрекеттеніп жатқан кезде, мен дәліздің маңдайшасына өрмелеп шығып, төбенің шетінде тұрған оған баяу адыммен жақындай бердім, – деп баяндап берді Ж.Ғалымханов.
Осылайша, суицид әрекетінің жолы кесілді. Тәртіп сақшысы әйелді уақытында шап беріп ұстап, оны пәтер ішіне көтеріп кіргізген. 
-Полиция қызметкерлері бұл жерге өте тез келді де, әйелдің өз пәтеріне оралуына көмектесті. Әсіресе, полицейлердің көп тосылмай жедел әрекетке көшкендері, айла-тәсілдері ұнады, – дейді куәгер Дмитрий Лесняк.
 
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓